Ерсін Ерік «Реалды» қор қылды. Тауық сойса да қасап сойсын. Саусақ пен тіл үйлескенде…

UFC чемпионы атанған Пётр Ян қазақтарға алғыс айтты

09.12.2025, 15:10

Ол Мераб Двалишвилимен реванш өткізіп, бес раундқа созылған тартыста сенсациялық жеңіске жеткен

UFC чемпионы атанған Пётр Ян қазақтарға алғыс айтты
Getty sport

Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Пётр Ян UFC 323 турниріндегі тарихи жеңісінен кейін командасы мен жанкүйерлеріне алғыс айтты. Бұл туралы Sports.kz жазды.

Файтер Instagram парақшасында чемпиондық айқасқа дайындық барысында жанынан табылған жандардың еңбегін ерекше атап өтті.

«Барша жанкүйерлерге сәлем! Бұл жазбада дайындыққа үлес қосқан әр адамға алғыс білдіргім келеді. Әсіресе бас бапкерім Қайрат Нұрмағанбетовке – кәсібилігі мен тынымсыз еңбегі үшін ерекше ризамын. Қайрат – кикбоксингтен Ресейдің еңбек сіңірген спорт шебері. Он жыл бойы ұлттық құрама сапында өнер көрсетіп, рингте өте қаһарлы қарсылас болды. Біз Спорт институтында бірге оқығанбыз, таныстығымыз 15 жылға жуықтады. Ол – өз ісіне терең бойлаған нағыз маман», – деп жазды Ян.

Чемпион спарринг серіктестеріне – Шарапудин Магомедов, Курбан Гаджиев, Сарварджон Хамидовке шын жүректен алғыс айтты. Сондай-ақ The Locker Gym залында бар жағдайды жасап, жаттығуға мүмкіндік берген Тоби Ричардс пен оның командасына ризашылығын жеткізді.

«Маған көмектесу үшін жердің арғы бетінен арнайы ұшып келген достарыма да үлкен рақмет: Алексей, Ильяс Хамзин, Миша, Лёха, Юрка. Менеджерлерім Саят Абдрахманов пен Даниэль Рубенштейннің қолдауын ерекше бағалаймын. Құттықтау жазғандардың бәріне бірден жауап беруге мүмкін болмай жатыр, бірақ әрбір жылы сөз – мен үшін қымбат», – деді Ян.

Еске салайық, 7 желтоқсанда Лас-Вегаста өткен UFC 323 турнирінің басты айқасында Пётр Ян грузин спортшысы Мераб Двалишвилимен реванш өткізіп, бес раундқа созылған тартыста сенсациялық жеңіске жетіп, жеңіл салмақтағы чемпиондық белдігін қайта иемденді.

Айта кетерлігі, Янның менеджері Саят Абдрахманов – қазақстандық, ал секунданты Ильяс Хамзин мен бас бапкері Қайрат Нұрмағанбетов – этникалық қазақтар.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам