Ерсін Ерік «Реалды» қор қылды. Тауық сойса да қасап сойсын. Саусақ пен тіл үйлескенде…

«Қара бала, таяқ жейсің». Шавкат Рахмонов өзін сынаған файтердің аузын жапты

10.12.2025, 16:26

UFC өзі Баклиді ықтимал қарсылас ретінде қарастырмай отыр

«Қара бала, таяқ жейсің». Шавкат Рахмонов өзін сынаған файтердің аузын жапты
Фото: Cooper Neill/Zuffa LLC

Аралас жекпе-жектің танымал өкілі, UFC жартылай орта салмақтағы әлемдік рейтингтің үшінші нөмірі Шавкат Рахмонов америкалық Хоакин Баклидің жұдырықтасуға жасаған даулы шақыруына жауап берді.

Жақында Бакли әлеуметтік желіде Рахмоновқа бағытталған өткір мәлімдеме жасап, қазақстандықты «жекпе-жектен қашады» деп айыптаған болатын. Оның айтуынша, Шавкат ешқашан өзі секілді жылдам, күшті әрі қысыммен жұмыс істейтін қарсыласпен кездеспеген.

Америкалық спортшы өз үндеуінде былай деді:

«Өзбекстанда тығылуды қой. Сен менің жылдамдығымды да, қысымымды да, күшімді де сезінген жоқсың. Образбен өмір сүріп жүрсің, ал мен оны бұзуға дайынмын. Егер өзіңді чемпиондыққа үміткермін деп санасаң, алдымен менімен кездес», – деді Бакли.

Ол тіпті Рахмоновтың командасы да бұл жекпе-жектен қашады деп мәлімдеді:

«Kill Cliff менің атымды атамайды. Генри Хуфт жігіттеріне менімен жұдырықтаспаңдар деп айтыпты», – деп жазды америкалық.

Қазақстандық файтер америкалық спортшының мәлімдемесіне ұзақ жауап қатпай, оның парақшасына кіріп, бір-ақ сөйлем қалдырды:

«Қара бала, таяқ жейсің».

Бұл жауап әлеуметтік желілерде тез тарап, жанкүйерлер арасында қызу пікірталас тудырды.

UFC өзі Баклиді ықтимал қарсылас ретінде қарастырмай отыр

Айта кетейік, UFC ресми материалдарында Рахмонов үшін ықтимал қарсыластар ретінде Баклидің есімін мүлде атамаған. Промоушен қазақ файтеріне мыналарды қарсылас ретінде көрсеткен:

  • Майкл Моралес

  • Габриэль Бонфим (Пратес)

  • Джек Делла Маддалена

  • Белал Мухаммад

Бакли бұл тізімде жоқ.

Спортшылардың соңғы нәтижелері

  • Шавкат Рахмонов желтоқсан айынан бері октагонға шықпаған. Соңғы жекпе-жегінде ол Иан Гэрриді төрешілер шешімімен жеңген.

  • Хоакин Бакли 2025 жылы тек бір рет жекпе-жек өткізіп, Камару Усманнан жеңілген. Қазір рейтингте 10-орында.

2023–2024 жылдары Бакли алты жекпе-жекте қатарынан жеңгенімен, соңғы кездегі нәтижесі төмендеген.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам