Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

«Тығырыққа тірейді»: танымал бапкер Рахмонов пен Махачев кездесуіне болжам жасады

28.01.2026, 12:54

Рахмонов соңғы рет октагонға 2024 жылғы желтоқсанда шыққан. 

«Тығырыққа тірейді»: танымал бапкер Рахмонов пен Махачев кездесуіне болжам жасады
Коллаж

UFC-дің бұрынғы жартылай орта салмақтағы чемпионы Джек Делла Маддаленаның бапкері Бен Викерс осы дивизиондағы қазіргі чемпион Ислам Махачев пен қазақстандық үміткер Шавкат Рахмонов арасында өтуі мүмкін жекпе-жекке қатысты пікір білдірді.

Маман 2024 жылдың соңында Шавкат Рахмоновтың ирландиялық Иэн Гэрримен өткен айқаста партерде қиындықтарға тап болғанын еске алды. Сөйте тұра ол қазақстандық файтердің қателіктермен жұмыс істеген болуы мүмкін екенін де жоққа шығармайды.

«Шыны керек, Шавкат кез келген қарсылас үшін өте күрделі сынақ болатыны анық. Бірақ оның Иэн Гэрримен қалай күрескенін білесіздер, сондықтан «егер ол Гэрримен партерде қиындыққа тап болса, онда Ислам оны еш қиындықсыз тығырыққа тіреуі мүмкін» деген ой келеді. Дегенмен біз оның осы уақыт аралығында қалай еңбек еткенін нақты білмейміз. Шавкат туралы сөз қозғағанда, біржақты пікір айту өте қиын.

Ол – нағыз аномалия. Себебі біз оны екі жылға жуық уақыт бойы көрген жоқпыз. Соған қарамастан мен үшін ол әлі күнге дейін бірде-бір қате қадам жасамаған спортшы болып қала береді», – деді Викерс Submission Radio басылымына берген сұхбатында.

Естеріңізде болса, Шавкат 2024 жылдың желтоқсанында ирландиялық Иэн Гэрриді төрешілер шешімімен жеңген.

Ал Ислам Махачев былтырғы қараша айында аустралиялық Джек Делла Маддаленаны жеңіп, жартылай орта салмақта чемпиондық белдікті иеленген еді. Дағыстандық файтердің еншісінде қатарынан 16 жеңіс бар, бұл көрсеткіш бойынша ол аты аңызға айналған Андерсон Силвамен теңесті.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам