Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Еркебұлан Тоқтар нокаутпен жеңілген «Gold-ты» қолдап видео түсірді

Бүгін, 15:22

Ол екеуара кездесу өтуі керек деп санайды. 

Еркебұлан Тоқтар нокаутпен жеңілген «Gold-ты» қолдап видео түсірді
instagram.com/Erkebulan_Toktar

Аралас жекпе-жек шебері Еркебұлан Тоқтар ММА-дегі дебютінде жеңілген өзбекстандық Шахзод Узоковты қолдауға шақырды.

Естеріңізде болса, «Gold» лақап атымен танылған спортшы Ташкенттегі OCTAGON 84 турнирінде 21 жастағы әзербайжандық Мухаммадали Нурусовтан (рекорды - 2-0) нокаутпен ұтылды. Осы жағдайдан соң Еркебұлан өзбек файтерін дайындығын үдетуге шақырды.

«Әлеуметтік желіні ашсаң болды, «Gold-ты» сынап жатқан біреу. Жекпе-жек алдында қолдағандардың бәрі енді одан теріс айналып жатыр. Баланы сындырып жатыр. Ол дұрыс емес. Қайта қолдау көрсетіңдер. Дайындалсын, шыңдалсын, бір-екі жекпе-жекте ұтып тәжірибе жинасын, уақыт беремін. Бізде сондай, жеңіп келе жатып, бір рет жеңілсең, таптап кетеді. Сондықтан оны қолдаңыздар. Екеуміз кездесуіміз керек. Төбелесейік, ұрып алатын баланы алдын ала сындырып тастамаңдар. Қайта жабылып дайындап әкеліңдер», - деді Тоқтар.

Айта кетейік, бұған дейін Узоков Еркебұлан Тоқтармен жекпе-жек өткізу туралы ресми түрде келісімшартқа қол қойған еді. Бұл кездесу ММА ережелері бойынша өтуі тиіс.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам