Алаңда жан тапсырған футболшылар. Жаңа шығарылым!

«Жоқшылықтан ұялмаңдар»: UFC файтері Бекзат Алмахан жаттығу залына автобуспен барып-келеді

11.02.2024, 22:12

Оның қарапайымдығы жанкүйерлерін тәнті етті

«Жоқшылықтан ұялмаңдар»: UFC файтері Бекзат Алмахан жаттығу залына автобуспен барып-келеді
скрин YouTube

Аралас жекпе-жек шебері, UFC лигасына жаңа қосылған қазақстандық файтер Бекзат Алмахан (17-1) 3 наурызда Лас-Вегаста Умар Нурмагомедовпен (16-0) жекпе-жек өткізеді. Осы ақпарат шыға салысымен спортшы OCTAGON TV YouTube-каналына сұхбат беріп, дайындығы, қарсыласы және жеке өмірі туралы азды-кем баяндады.

Жанкүйерлерін Бекзаттың қарапайымығы тәнті етті. Ол жаттығу залына автобуспен қатынайды екен. Тіпті, келісілген сұхбатқа кешігіп келуінің себебін де ол автобусты күтіп қалудан деп түсіндірді.

«Бұл ұялатын нәрсе емес. Жоқтықтан ұялмаңдар дейді ғой. Мен жаттығуға күніге автобуспен барып келемін», - деді UFC файтері.

Айта кетейік, Бекзат Алмахан UFC-ге отандық OKTAGON лигасынан тікелей өткен бірден-бір спортшы. Оның дебюттің жеке-жегі Сауд Арабиясында өтуі керек болған. Алайда, арабтар жоспарланған UFC кешін маусым айына жылжытып жіберді. Сондықтан, спортшылардың менеджерлері көктемде АҚШ-та турнир өткізуді жөн деп тапқан.

Умар Нурмагомедов – әйгілі файтер Хабиб Нурмагомедовтың немере інісі. Ол былтыр қаңтардағы жекпе-жегінен кейін октагонға әлі шықпаған. Тамыз айында Кори Сэндхагенмен кездесуі керек еді. Алайда, иығынан жарақат алып, кездесу кейінге қалдырылды.

UFC 297 турниріне орай FONBET «Тәуекелсіз бәс» арнайы акциясын іске қосты! Турнир матчтарынан кемі 3.00 коэффицент болатын экспресс жинаңыз – жеңілген жағдайда тіккен ақшаңыз толығымен сіздің бонустың шотыңызға түседі. Тәуекелсіз бәс тігіп, шотты алғашқы толтырғанға 200 мың теңгеге дейін бонус алыңыз – FONBET сайты және қосымшасында 1bol промокодымен тіркеліңіз!

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам