Алаңда жан тапсырған футболшылар. Жаңа шығарылым!

«Енді күйеу баламын»: бразилиялық MMA файтері қазақ қызына үйленді

12.02.2024, 17:34

Олар некесін мұсылманша қиған

«Енді күйеу баламын»: бразилиялық MMA файтері қазақ қызына үйленді
Esquire.kz

Аралас жекпе-жек шебері, бразилиялық Дуглас Рибейро Қазақстанда өтіп жатқан өмірі туралы Sport+ телеарнасына берген сұхбатында айтып берді.

29 жастағы файтер (13-7-0) қазір Naiza промоушнда өнер көрсетіп жүр. Неліктен Қазақстанды таңдағанын ол осы сұхбат барысында мәлімдеді.

«Мен Шавкат Рахмоновты көргенімде Қазақстанда MMA мектебінің қалыптасқанын түсіндім. Ал, қазір Шавкатпен бірге жаттығу жасап жүрмін. Қазақстанда маған жаттығу жасау өте қолайлы, сондықтан тұрғылықты мекен-жайымды осында ауыстырдым», - дейді ол.

Қазақстанда спортпен шұғылданып жүргенде Рибейро қазақ қызына ғашық болып, онымен ақыры отау құрған. Сондықтан жақын уақытта біздің елден кететін жоспары жоқ.

«Қазақстанда маған көп нәрсе ұнайды. Осында қалуға бел будым. Былтыр желтоқсанда қазақ қызға үйлендім. Әйелімнің әке-шешесіне ұнадым, олар мені күйеу бала дейді. Қазір ақырындап жағдайымызды реттеп жатырмыз, алғашқы пәтермізді сатып алдық. Қасиетті Рамазан айында келіншегіммен Бразилияға бармақпыз, оған туған жерімді көрсетемін», - деді Дуглас Рибейро.

Бразилиялық спортшы келіншегімен сауда орталықтарының бірінше танысыпты. 2023 жылдың желтоқсан айында мұсылман салтымен некесін қиған. Үйлену тойын Бразилияда жасамақшы. Ал, одан кейін Қазақстанға келіп, қазақтарға арнап тағы да үлкен той жасауды жоспарлап отыр.

UFC 297 турниріне орай FONBET «Тәуекелсіз бәс» арнайы акциясын іске қосты! Турнир матчтарынан кемі 3.00 коэффицент болатын экспресс жинаңыз – жеңілген жағдайда тіккен ақшаңыз толығымен сіздің бонустың шотыңызға түседі. Тәуекелсіз бәс тігіп, шотты алғашқы толтырғанға 200 мың теңгеге дейін бонус алыңыз – FONBET сайты және қосымшасында 1bol промокодымен тіркеліңіз!

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам