Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Конор Макгрегор UFC-ге қашан оралатынын айтты

03.03.2026, 22:38

Ол соңғы рет октагонға 2021 жылы шыққан.

Конор Макгрегор UFC-ге қашан оралатынын айтты
imago images / Inpho Photography

37 жастағы ирландиялық файтер, UFC-дің бұрынғы чемпионы Конор Макгрегор октагонға қашан оралатынын айтты.

Макгрегор жартылай жеңіл (66 кг) және жеңіл (70 кг) салмақ дәрежелерінде чемпион атанған. Оның сөзінше, қазіргі таңда UFC басшылығымен келесі жекпе-жегіне қатысты келіссөздер жүргізіп жатыр.

«Қазір UFC басшыларымен келесі айқасым жөнінде келіссөздер жүргізіп жатырмын. Не Ақ үйде өтетін UFC турнирінде, не жақын арада өтетін басқа кештердің бірінде октагонға ораламын. Жазда міндетті түрде жекпе-жек өткіземін», - деді ол Bloody Elbow порталына берген сұхбатында.

Ирландиялық жұлдыз соңғы рет аралас жекпе-жек ережесі бойынша 2021 жылдың шілдесінде октагонға шыққан. UFC 264 турнирінде ол америкалық Дастин Порьеге қарсы кездесуде бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңіліп қалған еді. Сол жекпе-жекте Макгрегор аяғын сындырып алып, айқасты жалғастыра алмады.

Конор Макгрегор мансабында 22 рет жеңіске жетіп, алты рет жеңіліс тапқан. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам