Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Асу Алмабаев UFC рейтингінде төмендеді

03.03.2026, 14:14

Спортшы қолын сындырып алған еді.

Асу Алмабаев UFC рейтингінде төмендеді
©x.com/ufc

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев UFC-дің жаңартылған рейтингінде бір сатыға төмендеп, тоғызыншы орынға жайғасты.

Ең жеңіл салмақтың (flyweight) жаңартылған тізімінде ирландиялық Лонир Кавана алтыншы орынға қайта оралды. Ол бастапқыда Асу Алмабаевпен жекпе-жек өткізуі тиіс болған мексикалық Брэндон Мореномен кездесіп, төрешілердің ортақ шешімімен жеңіске жетті. Осы жеңістен кейін Кавана рейтингте жоғары көтерілді.

Ал Морено жетінші орынға түсіп, енді бұл позицияны Амир Альбазимен бөлісіп тұр.

Дивизионның үздік үштігі өзгеріссіз: рейтингті бразилиялық Алешандре Пантожа бастап тұр. Одан кейін Манель Капе мен Тацуро Таира орналасқан. Ал UFC-дің ең жеңіл салмақтағы чемпиондық белдігі америкалық Джошуа Ванға тиесілі.

Еске сала кетейік, Асу Алмабаев пен Брэндон Морено 1 наурыз күні Мехикода жекпе-жек өткізуі тиіс еді. Алайда қазақстандық файтер дайындық кезіндегі спарринг барысында қолын сындырып алып, біраз уақытқа қатардан шығып қалды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам