Ол ұйымның 7,7 млрд доллар табыс тапқанын алға тартты.
UFC ұйымының жеңіл салмақтағы бұрынғы чемпионы Ронда Роузи промоушен саясатын қатаң сынға алып, спортшыларға төленетін сыйақылардың тым аз екенін мәлімдеді.
Америкалық спортшының айтуынша, бұрын UFC кәсіби файтерлер үшін ең беделді әрі табыс табуға мүмкіндік беретін ұйым саналатын. Алайда қазір жағдай түбегейлі өзгерген.
«Бұрын UFC жекпе-жек спортындағы ең үздік ұйым болатын. Мұнда спортшылар жақсы табыс тауып, лайықты ақы алатын. Ал қазір жағдай мүлде басқаша, қайта ең қолайсыз орындардың біріне айналды. Сондықтан ұйымдағы спортшылардың басым бөлігі кетіп жатыр», – деді Роузи.
Оның сөзінше, файтерлердің көбісі қосымша табыс көздерін іздеуге мәжбүр.
«Сондықтан Валентина Шевченко секілді мықты спортшылар OnlyFans платформасында жеке фотоларын сатып, табыс табуға мәжбүр. Төмен деңгейде өнер көрсететін файтерлер тіпті отбасын асырай алмайды. Олар ММА-де тұрақты түрде жекпе-жек өткізеді, бірақ кедей», – деді бұрынғы чемпион.
Роузи сондай-ақ UFC-дің қаржылық мүмкіндіктерін де атап өтті.
«Бұл компания жақында ғана 7,7 миллиард доллар табыс тапты. Сондықтан спортшыларға ең болмағанда лайықты өмір сүруге жететін жалақы төлеуге толық мүмкіндігі бар», – деп түйіндеді Ронда Роузи.