Кездесу мамырда өтеді.
UFC-дің орта салмақтағы чемпионы Хамзат Чимаев келесі жекпе-жегін осы дивизионның бұрынғы чемпионы, америкалық Шон Стриклендке қарсы өткізеді.
31 жастағы Чимаев пен рейтингте үшінші орында тұрған Стрикленд арасындағы айқас туралы ұйымның өзі ресми түрде мәлімдеді. Бұл кездесу 9 мамырда өтетін UFC 328 турнирінің басты жекпе-жегі болмақ.
Чимаев соңғы рет октагонға 2025 жылдың 17 тамызында шыққан. Сол кезде ол Оңтүстік Африка Республикасының өкілі Дрикус дю Плессимен кездескен еді. Бес раундқа созылған тартысты жекпе-жек қорытындысында Чимаев төрешілердің ортақ шешімімен жеңіске жетті.
Ал Шон Стрикленд өзінің соңғы кездесуін 21-інен 22 ақпанға қараған түні АҚШ-тың Хьюстон қаласындағы турнирде өткізді. Ол америкалық Энтони Эрнандеспен жұдырықтасып, үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жеткен.