Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Трамп Хабиб Нурмагомедов пен Джейк Пол арасында жекпе-жек көргісі келетінін айтты

14.03.2026, 11:03

Бұл туралы ол Ақ үйде мәлімдеді.

Трамп Хабиб Нурмагомедов пен Джейк Пол арасында жекпе-жек көргісі келетінін айтты
Andrew Harnik / Getty Images

АҚШ президенті Дональд Трамп блогер әрі боксшы Джейк Пол мен бұрынғы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов арасында жекпе-жек көргісі келетінін айтты.

Бұл туралы Трамп америкалық блогермен болған әңгіме барысында мәлімдеді. Әңгіме кезінде Джейк Пол өзінің болашақ жоспарлары туралы айтып, ММА-ге ауысуы мүмкін екенін жеткізді.

«Болашақта ММА ережесі бойынша жекпе-жек өткізетін шығармын. Қазір біз аралас жекпе-жекті Netflix платформасында насихаттап жатырмыз. Онда Ронда Роузи мен Джина Караноның айқасы бар. Усикпен, Фрэнсис Нганнумен, Райан Гарсиямен немесе Томми Фьюридің бірімен ММА ережесі бойынша кездесу өткізермін. Сіз кіммен жекпе-жегімді көргіңіз келеді?» – деп сұрады Джейк Пол.

Бұған Дональд Трамп:

«Әрине, Хабибпен қызық болар еді. Көпшілік оны өз дәуірінің ең үздік файтері дейді. Ол шынында ұлы спортшы деп ойлаймын», – деп жауап берген.

Джейк Пол болса бұл ұсынысты бірден қолдап:

«Мен қарсы емеспін!» – деп қысқа қайырды.

Сондай-ақ Дональд Трамп жуырда Ақ үйде өтетін ірі турнирді өзі тамашалайтынын айтты. UFC президенті Дана Уайт бұл кешті спорт тарихындағы ең ерекше кардтардың бірі болады деп сипаттаған.

Турнир 14 шілде күні өтеді деп жоспарланған. Кештің басты жекпе-жегінде Илия Топурия мен Джастин Гейджи октагонға шығуы мүмкін. Бұл кездесу жанкүйерлер үшін аса тартысты айқас болмақ.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам