Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

«Менің отбасыма тиіскен адам – өледі»: Арман Царукян америкалық қарсыласының сөзіне ашуланды

28.03.2026, 14:35

Қызың Нина Драмамен бірге болатын күнді айт, сонда 10 мыңды беремін

«Менің отбасыма тиіскен адам – өледі»: Арман Царукян америкалық қарсыласының сөзіне ашуланды
Фото: Лобова Арина, «Чемпионат»

RAF 7 турнирі аясында Арман Царукян мен Джорджио Пуллас арасында реванш өтеді. Осы кездесудің алдындағы баспасөз конференциясы да тартысты болды.

Екі спортшының алғашқы кездесуі жанжалмен аяқталған еді. Сол жолы «Акалкалакец» лақап атымен танымал Царукян қарсыласы және оның командасымен жаппай төбелес шығарған болатын. Бұған дейінгі арандатулар мен қорлаулар жағдайды ушықтырған.

Бұл жолы да баспасөз жиынында шиеленіс анық сезілді. Алайда Пуллас қарсыласының жеке өміріне қатысты тақырыпты қозғап, жағдайды одан әрі ушықтырды.

Царукян қарсыласынан бұрын келісілген 10 мың долларды қашан беретінін сұраған. Оның айтуынша, олар тейкдаунға қатысты бәстесіп, қол алысып келіскен. Бұған жауап ретінде Пуллас:

«Қызың Нина Драмамен бірге болатын күнді айт, сонда 10 мыңды беремін», – деп жауап қатқан.

Бұл сөздер Царукянның ашуын келтірді. Ол отбасы тақырыбына қатысты қатаң ескерту жасады:

«Естеріңде болсын: менің қыздарым, отбасым, анам мен әпке-қарындастарым туралы ешқашан сұрамаңдар. Егер біреу олар туралы айтса – ол өледі. Бұл RAF болсын, АҚШ болсын немесе UFC белбеуі болсын – айырмасы жоқ. Кім менің отбасыма тиісе – өледі», – деді файтер.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам