Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

«UFC-ге бірден бармаймын». Екі жылдан кейін спортқа оралған Арман Әшімов 4 жылдық жоспары барын айтты

14.04.2026, 10:44

Әшімовтің айтуынша, Америкаға сапар жаз айларына жоспарланған.

«UFC-ге бірден бармаймын». Екі жылдан кейін спортқа оралған Арман Әшімов 4 жылдық жоспары барын айтты
Фото: M-1 Global

Қазақстандық файтер Арман Әшімов алдағы жоспары туралы айтып, UFC-ге бірден өтуді көздемейтінін мәлімдеді.

Оның сөзінше, ол алдымен АҚШ-тағы  жалаң қолмен жұдырықтасатын жекпе-жек ұйымы Bare Knuckle FC-де дебют жасағысы келеді.

Әшімовтің айтуынша, Америкаға сапар жаз айларына жоспарланған.

«Маусымда немесе шілдеде Америкаға жиналып жатырмыз, құдай қаласа. Одан кейін қарай көреміз. Мен бірден UFC-де төбелескім келмейді. Алдымен Bare Knuckle-да төбелескім келеді – Конор Макгрегордың ұйымында. ММА бойынша да жұдырықтасамын, бірақ кулачный жекпе-жек маған адреналин береді, көбірек адреналин береді», - деді Арман Әшімов

Сондай-ақ қазақстандық спортшы UFC-ге апарар жалғыз жол Dana White’s Contender Series емес екенін атап өтті.

«Міндетті түрде Contender Series арқылы емес. Тікелей де келісімшартқа отыруға болады. Өзіме арналған төрт жылдық стратегиям бар», - деді ол.

Еске салайық, өткен аптада Арман Әшімов Алматыда өткен IBA Nomad 14 турнирінде өнер көрсетіп, Тәжікстан өкілі Дилшод Норкузиевті бірінші раундта нокаутпен жеңген болатын.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам