Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

«Шавкат маған шарт қойды»: Рахмоновтың бұрынғы әйелі мүлікті қалай бөліскенін айтты

14.04.2026, 10:05

Гүлайым Рахмонованың сөзінше, ерлі-зайыпты неке келісімшартына отырған

«Шавкат маған шарт қойды»: Рахмоновтың бұрынғы әйелі мүлікті қалай бөліскенін айтты
коллаж: 1bol.kz

Қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмоновтың жұбайы Гүлайым отбасындағы қаржылық келісімдер туралы алғаш рет ашық айтты. Бұл туралы ол Руслан Өтепбайдың YouTube арнасына берген сұхбатында бөлісті.

Гүлайымның сөзінше, ерлі-зайыпты неке келісімшартына отырған. Оның айтуынша, бұл мәселе 2025 жылдың көктемінде, Дубайға отбасылық демалыстан кейін көтерілген.

«Наурыз айында үш баламызды алып, Дубайға демалысқа бардық. Сол сапардан кейін, сәуірде Шавкат неке келісімшарты жайлы айта бастады. Алғашында мән бермедім, тіпті күліп қарадым. “Менде ештеңе жоқ қой. Кем дегенде тұрып жатқан үйді менің атыма жаз немесе бизнес ашып бер, сонда келісімшартқа қол қоямын” дедім. “Егер менен қорқатын болсаң, неге бірге тұрып жатырсың?” деп те айттым», — дейді ол.

Алайда уақыт өте келе Гүлайым бұл ұсынысқа басқа қырынан қарап, неке келісімшартына қол қоюға шешім қабылдағанын жеткізді. Оның айтуынша, мұндай әңгімелер кез келген отбасында туындауы мүмкін.

«Егер Шавкат мені тек мүлік үшін бірге жүр деп ойласа, онда қол қойған дұрыс деп шештім», — дейді спортшының жұбайы.

Гүлайым неке келісімшартының шарттарын да атап өтті. Құжатқа сәйкес, ажырасқан жағдайда әрқайсысы өз атына тіркелген мүлікпен ғана қалады.

«Менің атымда тек жол апатына түскен көлік бар», — деп түйіндеді ол.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам