Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

«Таиландта трансгендерлермен жүрген»: Хамитов қарсыласын әшкереледі

Бүгін, 15:17

Қуат Хамитов алдағы жекпе-жек алдында қарсыласы Әли Хейбатиге шүйлікті

«Таиландта трансгендерлермен жүрген»: Хамитов қарсыласын әшкереледі
әлеуметтік желі

Қазақстандық файтер Қуат Хамитов алдағы жекпе-жек алдында қарсыласы Әли Хейбатиге шүйлігіп, оның әлеуметтік желідегі мәлімдемелеріне жауап берді.

Хамитовтың ашуына Хейбатидің жекпе-жек қарсаңында жариялаған бейнеүндеулері себеп болған. Қазақстандық спортшы қарсыласының түрлі тақырыптарды қозғап жүргеніне наразы екенін айтып, оны айқасқа дайындалуға шақырды.

«Қарасам, Әли тоқтамай видео түсіріп жүр. Әлдебір трансгендерлер туралы айтып, әрнәрсені қозғай береді. Бірақ өзі Таиландта реалити-жоба кезінде трансгендерлермен жүргенін ұмытып қалған сияқты. Сондықтан бұл тақырыпты қозғамағаның дұрыс. Егер сен туралы бар шындықты айта бастасам, адамдар біздің жекпе-жекті көргісі де келмей қалады. Сол үшін бос сөзді қойып, айқасқа дайындал. Өйткені мен өте ашулымын. Сен сөйлеген сайын өзіңе зиян келтіріп жатырсың. Мен октагонға шығып, өз жұмысымды істеймін», — деді Хамитов.

Қуат Хамитов пен Әли Хейбати арасындағы кездесу Batyr Fighting Championship ұйымының алғашқы турниріндегі басты жекпе-жек болмақ. Турнир 23 мамыр күні Атырау қаласында өтеді.

Сонымен қатар қазақстандық файтер 15 тамызда Мәскеуде өтетін ACA 206 турнирінде ресейлік Алексей Махномен де кездеседі.

Айта кетейік, Қуат Хамитов аралас жекпе-жек спортында 2011 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Ол әр жылдары Alash Pride және WBK ұйымдарының чемпионы атанған. Ал 2023 жылы Hardcore FC поп-ММА лигасында дебют жасаған еді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам