Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Жалғас Жұмағұловтың титулдық жекпе-жегі даулы жағдайда тоқтатылды

Бүгін, 10:38

Бес раундқа жоспарланған чемпиондық жекпе-жек толық аяқталған жоқ

Жалғас Жұмағұловтың титулдық жекпе-жегі даулы жағдайда тоқтатылды
әлеуметтік желі

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов Еуропадағы беделді Oktagon лигасында екінші чемпиондық белбеуді жеңіп алуға бір қадам қалғанда сәтсіз жағдайға тап болды.

Қазақстандық спортшы Словакия астанасы Братиславада өткен Oktagon 89 турнирінің басты кездесуінде өнер көрсетті. Жұмағұлов жеңіл салмақтағы (61,2 келіге дейін) чемпиондық белбеу үшін бразилиялық Игор Севериномен октагонға шыққан еді.

Бес раундқа жоспарланған чемпиондық жекпе-жек толық аяқталған жоқ. Екінші раунд барысында Северино ереже бұзып, қарсыласының шап тұсына соққы жасады. Тыйым салынған соққыдан кейін Жұмағұлов айқасты жалғастыру үшін қажетті уақыт ішінде қалпына келе алмады.

Жекпе-жекті бақылаған дәрігер қазақстандық файтердің жағдайын бағалап, кездесуді тоқтатуға кеңес берді. Соның нәтижесінде төрешілер жекпе-жекті «өтпеген кездесу» деп таныды.

Осылайша қос спортшы да чемпиондық атақтарын сақтап қалды. Жалғас Жұмағұлов қазіргі таңда Oktagon ұйымының ең жеңіл салмақтағы (56,7 келіге дейін) чемпионы болып саналады. Егер ол бұл кездесуде жеңіске жеткенде, ұйым тарихындағы қос салмақ дәрежесінде чемпион атанған файтердің қатарына қосылар еді.

Бұл нәтижеден кейін Жұмағұловтың кәсіби мансабындағы көрсеткіші өзгеріссіз қалды – 19 жеңіс және 9 жеңіліс. Ал Игор Севериноның еншісінде 10 жеңіс пен 1 жеңіліс бар.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам