Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Шавкат Рахмонов UFC-дің Бакудегі турниріне қатысады

Бүгін, 17:35

Бұл туралы қазақстандық файтерлердің бапкері Эдуард Базров мәлімдеді

Шавкат Рахмонов UFC-дің Бакудегі турниріне қатысады
әлеуметтік желі

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов UFC ұйымының 27 маусым күні Әзербайжан астанасы Бакуде өтетін турниріне қатысады. Алайда бұл жолы ол октагонға жекпе-жек өткізу үшін емес, отандасы Асу Алмабаевқа секундант ретінде барады.

Бұл туралы қазақстандық файтерлердің бапкері Эдуард Базров мәлімдеді.

Маманның айтуынша, команда жоспарға сай дайындалып жатыр және Рахмоновтың Бакуге баратыны анық.

«Дайындық жоспар бойынша жүріп жатыр. Біз 4 маусымда келдік. Барлығы осында: Әліби Ыдырыс, Санжар Әділов. Шавкатқа келетін болсақ, секундант мәселесі өзгерген жоқ. Шавкат жүз пайыз Бакуге барады», – деді Базров.

Бапкер сондай-ақ Асу Алмабаевтың дайындық барысы туралы айтып, алдағы қарсыласы Чарльз Джонсонның мықты тұстарына тоқталды. Оның сөзінше, америкалық файтердің басты артықшылықтарының бірі – жоғары төзімділік пен аяқ жұмысының сапасы.

«Қарсыласымыздың өте төзімді спортшы екенін білеміз. Соққы техникасы да жаман емес, өз стилін таңуға қабілетті. Біз мұны оның Жалғас Жұмағұлов пен Азат Мақсұмға қарсы өткізген жекпе-жектерінен көрдік. Оның басты ерекшелігі – тынысын жақсы бақылауы және аяқпен өте сауатты жұмыс істейді.

Қазір біз дайындықтың соңғы кезеңіне өттік. Негізгі жұмыстың бәрі атқарылды. Енді спаррингтер мен жекпе-жекке бейімдеу жұмыстары жүріп жатыр. Шамамен он күннен кейін салмақ қуу процесін бастаймыз. Ең бастысы – салмақты дұрыс түсіріп, жекпе-жекке жарақатсыз жету», – деді жаттықтырушы Tengri Sport-қа берген пікірінде.

Айта кетейік, UFC турнирінде Асу Алмабаев америкалық Чарльз Джонсонмен кездеседі. Джонсон қазақстандық жанкүйерлерге жақсы таныс. Ол бұған дейін UFC-де екі қазақстандық спортшыны – Жалғас Жұмағұлов пен Азат Мақсұмды жеңген болатын.

Бакудегі кеште тағы бір қазақстандық файтер Бекзат Алмахан да өнер көрсетеді. Оның қарсыласы бразилиялық Жан Мацумото болмақ.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам