Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Ислам Махачев таэквондодан қара белбеу алды

Бүгін, 11:47

Махачевтің UFC-дегі келесі жекпе-жегі тамыз айында ұйымдастырылуы мүмкін

Ислам Махачев таэквондодан қара белбеу алды
Видеодан кадр

UFC ұйымының жартылай орта салмақтағы чемпионы Ислам Махачев таэквондо бойынша қара белбеу иегері атанды.

Марапатты ресейлік спортшыға оның бапкері, таэквондодан еңбек сіңірген спорт шебері Сейфулла Магомедов табыстады. Салтанатты рәсім барысында маман шәкіртінің спорттағы жолын еске алып, арнайы добок пен қара белбеуді сыйға тартты.

«Ислам, сен таэквондодағы жолыңды менің және менің бапкерімнің қол астында бастадың. Сондықтан саған біздің добок пен қара белбеуді табыстағым келеді», – деді Магомедов.

Айта кетейік, 43 жастағы Сейфулла Магомедов – таэквондодан төрт дүркін Еуропа чемпионы, әлем чемпионаттарының төрт дүркін жүлдегері және Ресейдің сегіз дүркін чемпионы.

Ислам Махачев аралас жекпе-жектегі жетістіктерімен танымал болғанымен, оның спорттағы алғашқы қадамдарының бірі дәл осы таэквондо болған. Енді чемпионның жетістіктер қоржынына аталған жекпе-жек өнеріндегі қара белбеу де қосылып отыр.

Бұған қоса, Махачевтің UFC-дегі келесі жекпе-жегі тамыз айында өтетін UFC 330 турнирінде ұйымдастырылуы мүмкін. БАҚ мәліметінше, оның ықтимал қарсыласы ирландиялық Иэн Гэрри болуы мүмкін. Алайда әзірге ұйым тарапынан ресми мәлімдеме жасалған жоқ.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам