Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Арман Царукянның бұрынғы қарсыласы қамауға алынды

Бүгін, 09:47

RAF спортшысы отбасылық мерекені төбелеске айналдырды

Арман Царукянның бұрынғы қарсыласы қамауға алынды
RAF

Real American Freestyle (RAF) лигасының файтері Джорджио Пуллас АҚШ-тың Флорида штатындағы Делрей-Бич қаласында ауырлататын мән-жайдағы шабуыл жасады деген күдікпен қамауға алынды.

MMA Junkie таратқан мәліметке сәйкес, спортшы кейін 1500 доллар көлеміндегі кепілақымен босатылған.

Полицияның есебінде көрсетілгендей, оқиға отбасылық мереке кезінде болған. Куәгерлердің айтуынша, Джорджио Пуллас пен оның ағасы Николас өздерінің қарындасын балағаттаған. Осыдан кейін қалыңдықтың күйеу жігіті мен оның ағасы араласып, жанжал төбелеске ұласқан.

Тергеу нұсқасына сәйкес, Николас Пуллас қарындасын итеріп жібергеннен кейін жағдай ушыға түскен. Күйеу жігіттің айтуынша, Николас оны бірнеше рет бетінен ұрып, жерге құлаған соң да соққы жасауды жалғастырған.

Оқиғаға араша түсуге тырысқан күйеу жігіттің ағасы да зардап шеккен. Полицияның мәліметінше, Джорджио Пуллас оны көтеріп алып, шыны үстелдің үстіне лақтырып жіберген. Соның салдарынан жәбірленуші әртүрлі жарақат алған. Кейін файтер оған бірнеше соққы жасап, тұншықтыруға әрекеттенген.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері бірнеше адамның, оның ішінде ағайынды Пулластардың да қашып кеткенін анықтаған. Кейін олар көрші үйдің маңындағы бұталардың арасынан табылған.

Нәтижесінде Джорджио Пуллас ауырлататын мән-жайдағы шабуыл жасады деген айыппен қамауға алынса, оның ағасы Николасқа жеңілірек бап бойынша айып тағылды.

Айта кетейік, Джорджио Пуллас MMA жанкүйерлеріне RAF лигасындағы жекпе-жектері арқылы жақсы таныс. Ол екі рет UFC-дің жеңіл салмақтағы үздік файтерлерінің бірі Арман Царукянмен кездескен. Соңғы рет екеуі биыл наурыз айында өткен қарымта кездесуде күш сынасқан болатын.

Іс бойынша келесі сот отырысы 9 шілдеге белгіленген.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам