Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

«Оны Шавкат жеңген». Махачев Гэрримен төбелесуден бас тартты

Бүгін, 15:27

Ислам Махачев Иэн Гэрримен жекпе-жек өткізгісі келмейтінін айтты

«Оны Шавкат жеңген». Махачев Гэрримен төбелесуден бас тартты
әлеуметтік желі

UFC-дің жартылай орта салмақтағы чемпионы Ислам Махачев ықтимал қарсыластары туралы пікір білдіріп, ирландиялық Иэн Гэрриден гөрі эквадорлық Майкл Моралеспен кездесуді жөн көретінін айтты.

Red Corner MMA YouTube арнасына берген сұхбатында ресейлік файтер титулдық жекпе-жекке үміткер таңдауда қарсыластың беделі мен мансабы маңызды рөл атқаратынын жеткізді.

«Егер Моралес пен Иэн Гэрридің арасынан таңдау керек болса, өз атым үшін Моралесті таңдар едім. Себебі ол әлі жеңіліп көрмеген спортшы. Ал ертең Иэн Гэрриді жеңсең, бәрі: "Оны бірнеше жекпе-жек бұрын Шавкат жеңген" деп айтады», – деді Махачев.

Айта кетейік, Гэрри мен қазақстандық Шавкат Рахмонов арасындағы кездесу 2024 жылдың 8 желтоқсанында UFC 310 турнирінде өткен болатын. Лас-Вегаста ұйымдастырылған жекпе-жекте Рахмонов төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жеткен. Бұл жекпе-жек әзірге Шавкаттың UFC-дегі соңғы айқасы болып отыр.

Қазіргі уақытта Иэн Гэрри UFC-дің жартылай орта салмақ рейтингінде бірінші орында тұр. Рахмоновтан жеңілгеннен кейін ирландиялық спортшы Карлос Пратес пен UFC-дің бұрынғы чемпионы Белал Мұхаммадты жеңіп, чемпиондық жекпе-жекке басты үміткерлердің біріне айналды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам