Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

«Бұл – нағыз тозақ»: Макгрегор ауыр жарақаттан кейін жанайқайын жеткізді

Бүгін, 12:40

Ирландиялық файтер аяғын жарақаттап, мерзімінен бұрын жеңілді

«Бұл – нағыз тозақ»: Макгрегор ауыр жарақаттан кейін жанайқайын жеткізді
UFC

UFC ұйымының бұрынғы чемпионы Конор Макгрегор Макс Холлоуэйге қарсы өткен көптен күткен реванштан кейін алғаш рет пікір білдірді. Ирландиялық файтер аяқ жарақатына байланысты мерзімінен бұрын жеңіліп қалған болатын.

Макгрегор әлеуметтік желідегі парақшасында жекпе-жектен кейінгі жағдайын айтып, жанкүйерлеріне үндеу жасады.

«Жекпе-жекке дейін ешқандай жарақатым болған жоқ. Дайындық жиыны барысында да, айқас алдында да аяқпен соққы жасап, тірек аяғыма толық күш түсіріп жүрдім. Мұның бәрі аяқ астынан болды. Қазір маған өте ауыр. Жағдайымды бір ғана сөзбен сипаттай аламын – тозақ».

Еске салайық, Холлоуэй мен Макгрегор арасындағы реванш 12 шілдеде Лас-Вегаста өткен UFC 329 турнирінің басты оқиғасы болды. Жекпе-жек бірінші раундтың алғашқы секундтарында-ақ аяқталды. Макгрегор аяғын жарақаттап алып, кездесуді жалғастыра алмады. Нәтижесінде төреші техникалық нокаутпен Макс Холлоуэйдің жеңісін тіркеді.

Айта кетейік, бұл файтерлер алғаш рет 2013 жылдың тамызында UFC Fight Night 26 турнирінде кездескен. Ол кезде Конор Макгрегор төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жеткен еді.

Бұл жеңілістен кейін Макгрегордың MMA-дегі кәсіби рекорды 22 жеңіс пен 7 жеңіліске жетті. Ал Макс Холлоуэй еншісінде 28 жеңіс және 9 жеңіліс бар.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам