Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Конор Макгрегордың көптен күткен жекпе-жегі небәрі бірнеше секундта аяқталды

Бүгін, 09:38

Айта кету керек, бұл – екі файтер арасындағы екінші кездесу

Конор Макгрегордың көптен күткен жекпе-жегі небәрі бірнеше секундта аяқталды
Getty Images

Бірнеше жылдық ұзақ үзілістен кейін октагонға қайта оралған әйгілі Конор Макгрегордың жекпе-жегі күтпеген жерден бірінші раундта аяқталды.

Лас-Вегастағы UFC 329 турнирінің басты оқиғасына айналған жекпе-жекте Макгрегор америкалық Макс Холлоуэймен кездескен. Алайда, бірінші раунд басталған сәтте-ақ ирландиялық файтер тайып құлап, тізесін жарақаттап алды. Мұнан кейін ол аяқта тік тұра алмай екі рет құлап, төреші жекпе-жекті тоқтатты. Ал, жеңіс Холлоуэйге жазылды.

Бүкіл әлемде жүздеген миллион адам асыға күткен жекпе-жек осылайша бірде-бір ауыр соққысыз, небәрі бірнеше секунд ішінде аяқталып қалды.

Айта кету керек, бұл – екі файтер арасындағы екінші кездесу. Алғаш рет екеуі 2013 жылы төбелесіп, ол кезде Макгрегор жеңіске жеткен болатын. Бүгінгі жекпе-жек – матч-реванш.

Конор Макгрегор соңғы рет бес жыл бұрын октагонға шыққан болатын. Холлоуэй болса 2025 жылы Дастин Порьені жеңсе, 2026 жылы Чарльз Оливейрадан жеңілді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам