Атышулы Қуат «Найман» Хамитов ресейлік MMA жұлдызымен төбелесетін болды

25.02.2024, 19:10

Жекпе-жек мамыр айына жоспарланған

Атышулы Қуат «Найман» Хамитов ресейлік MMA жұлдызымен төбелесетін болды
sports.kz

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов ресейлік файтер, Bellator лигасының экс-чемпионы Александр Шлеменкомен октагонға шығады.

Бұл туралы лиганың басшысы Николай Клименко мәлімдеді деп хабарлады MMA.Metaraitings.ru.

«Хамитов пен Шлеменко арасындағы жекпе-жек 4 мамырда RCC турнирі аясында болады. Біз Александр Шлеменконың оралуын көреміз. Таяу күндері оның қарсыласымен контрактке қол қоямыз. Ол Жакаре емес, бірақ ТМД-да танымал спортшы. Өте мықты жекпе-жек болады», - деді Клименко.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт
Жаңа Подкаст! Қонақта Марат Достаев пен Алдияр Жапарханов