Файтердің жарақаты ауыр болып шықты
UFC ұйымының бұрынғы екі салмақтағы чемпионы Конор Макгрегор жарақатына байланысты шамамен бір жыл октагонға шыға алмайды. Бұл туралы UFC президенті Дана Уайт мәлімдеді.
Ирландиялық файтер шілде айында Лас-Вегаста өткен UFC 329 турнирінде америкалық Макс Холлоуэйге қарсы жекпе-жекте жарақат алған болатын.
Кездесудің алғашқы раундында Макгрегор аяғынан ауыр жарақат алып, төреші айқасты мерзімінен бұрын тоқтатқан еді. Нәтижесінде Холлоуэй техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
Кейін Макгрегор дәрігерлер оның тізесіндегі алдыңғы айқаспа байламы (ACL) мен менискісі зақымданғанын анықтағанын хабарлады.
«Конор Макгрегор бір жылға қатардан шығады», – деді Дана Уайт баспасөз мәслихатында.
38 жастағы Макгрегор октагонға бес жылдық үзілістен кейін қайта оралған еді. Оның аралас жекпе-жектегі кәсіби рекорды – 22 жеңіс және 7 жеңіліс.