ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

Қырғызстандық файтер UFC белбеуінен бас тартты

Бүгін, 11:05

Валентина Шевченко бір жылға октагоннан тыс қалуы мүмкін

Қырғызстандық файтер UFC белбеуінен бас тартты
UFC

Қырғызстан атынан өнер көрсететін Валентина Шевченко жарақатына байланысты UFC-дің аса жеңіл салмақтағы чемпиондық атағынан бас тартты.

38 жастағы спортшы 3 қазанда АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында өтетін UFC 332 турнирінде бразилиялық Наталия Силваға қарсы титулын қорғауға тиіс болған. Алайда Шевченко жарақат алып, октагонға кемінде бір жыл шыға алмайтынын промоушен басшылығына хабарлаған. Осыған байланысты ол чемпиондық белбеуді босату туралы шешім қабылдады.

Енді вакантты титул үшін Наталия Силва мен қытайлық Ван Конг кездеседі. Бұл жекпе-жек UFC 332 турнирінің басты оқиғасы болады.

Силва UFC рейтингінде бірінші орында тұр. Бразилиялық спортшы қатарынан 14 жекпе-жекте жеңіске жеткен. Ал дивизионның сегізінші нөмірі Ван Конг соңғы төрт кездесуін жеңіспен аяқтады.

Шевченко UFC-дің аса жеңіл салмақтағы чемпионы атағын екі рет иеленген. Ол 2024 жылы Алекса Грассоны төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіп, белбеуді қайтарып алды. Кейін Манон Фиоро мен Чжан Вэйлиден басым түсіп, чемпиондық атағын екі рет сәтті қорғады.

Қырғызстандық спортшы әйелдер арасындағы UFC рейтингінде салмақ дәрежесіне қарамастан бірінші орында тұр. Оның кәсіби мансабында 26 жеңіс, төрт жеңіліс және бір тең нәтиже бар.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам