Еркебұлан Тоқтар мен Артем Тарасов ММА ережесі бойынша реванш өткізуге келісті

Қос спортшы 4 шілдеде Алматыда өткен IBA Nomad 15 турнирінде кездескен

әлеуметтік желі
әлеуметтік желі

Қазақстандық файтер Еркебұлан Тоқтар мен ресейлік ММА өкілі Артем Тарасов реванш өткізу туралы келісімге келді.

Тарасов әлеуметтік желідегі парақшасында Тоқтармен кездесуінің видеосын жариялады. Әңгіме барысында ресейлік спортшы бокстан емес, аралас жекпе-жек ережесі бойынша қайта кездесуге ниетті екенін айтты.

Тарасов алғашқы айқастағы жеңілістен кейін бокстан реванш сұрамайтынын жеткізіп, ММА форматында күш сынасуды ұсынды. Еркебұлан бұл ұсынысқа келісім берді.

Еске сала кетейік, қос спортшы 4 шілдеде Алматыда өткен IBA Nomad 15 турнирінде кездескен. Жекпе-жек ММА қолғаптарымен бокс ережесі бойынша өтіп, Еркебұлан Тоқтар қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірген.

Ал Артем Тарасовтың келесі жекпе-жегі Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтетін NAIZA 85 турнирінде жоспарланған. Оның қарсыласы – қазақстандық Нұрхан Мүбарак.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам