Қазақстандық файтер Жапонияда қола жүлде жеңіп алды

Тәжікстан өкілі Отабек Раджабовпен күш сынасып, қарсыласына есе жіберді

Туризм және спорт министрлігі
Туризм және спорт министрлігі

Бүгін Жапонияның Нагоя қаласындағы Инаэ спорт орталығында аралас жекпе-жектен Азия ойындары өтіп жатыр.

Қазақстан командасының өкілі Санжар Әділов 65 кг дейінгі салмақтың жартылай финалында (дәстүрлі стиль) Тәжікстан өкілі Отабек Раджабовпен күш сынасып, қарсыласына есе жіберді. Есеп: 0-3.

Енді біраздан соң Ұлттық құрама сапынан Еркінғали Бүркіталин (-77 кг, дәстүрлі стиль), Қадырбек Шинбаев (-71 кг, заманауи стиль) жартылай финалдағы жекпе-жегін өткізеді.

Айта кетейік, XX жазғы Азия ойындары 4 қазанға дейін жалғасады. Қазақстан Ұлттық құрамасының сапында 558 спортшысы қатысып жатыр. Олар жарыс бағдарламасындағы 35 спорт түрінен жүлдеге таласады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам