Оның тізіміне Конор Макгрегор мен Хабиб Нурмагомедов кірді
UFC президенті Дана Уайт мансабында бірге жұмыс істеген ең көрнекті спортшыларды атады. Оның тізіміне Конор Макгрегор мен Хабиб Нурмагомедов кірді.
«Конор Макгрегор, Хабиб Нурмагомедов, Чак Лидделл — мансабының шарықтау кезеңінде болған кезінде — және Ронда Роузи», — деді Дана Уайт The Diary of a CEO YouTube арнасына берген сұхбатында.
Уайт атаған спортшылардың ішінде қазіргі таңда UFC-мен келісімшарты бар әрі ұйым аясында өнер көрсетіп жүрген жалғыз файтер — Конор Макгрегор.
Ирландиялық спортшы 2026 жылғы тамыздың басында жарақатына байланысты ота жасатты. Ол жарақатты Макс Холлоуэймен жекпе-жекте алған.
Бұл кездесу Макгрегор үшін бес жылдық үзілістен кейінгі алғашқы жекпе-жек болды. Алайда айқас небәрі 69 секундқа созылды.
Жекпе-жек басталған сәтте Макгрегор әсерлі секіріп соққы жасауға тырысқанымен, сәтсіз қонды. Кейін ирландиялық файтер тағы екі рет торға құлап, артынша тізесін ұстап қалды. Төреші жекпе-жекті тоқтатты. Нәтижесінде жеңіс техникалық нокаутпен Макс Холлоуэйге берілді.