33 жастағы Петр Ян қатарынан бесінші жеңісіне қол жеткізді
Ресейлік ММА файтері Петр Ян Абу-Дабиде (БАӘ) өткен UFC 333 турнирінде грузиялық Мераб Двалишвилиді жеңді.
Жеңіл салмақтағы (61,2 келіге дейін) чемпиондық белбеу сарапқа салынған жекпе-жек бес раундқа созылды. Алғашқы екі раундта Двалишвили басымдық танытса, кейінгі үш раундта Янның мерейі үстем болды. Төрешілердің үшеуі де 48:47 есебімен ресейлік спортшыны жеңімпаз деп таныды.
33 жастағы Петр Ян қатарынан бесінші жеңісіне қол жеткізді. Оның ММА-дегі еншісінде 21 жеңіс пен бес жеңіліс бар.
Ал 35 жастағы Двалишвили екінші рет қатарынан жеңіліп отыр. Оның да есебінде 21 жеңіс пен бес жеңіліс бар. Бұған дейінгі жеңілісін де ол Яннан қабылдаған.
Айта кетейік, бұл спортшылардың үшінші кездесуі болды. 2023 жылы Двалишвили төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жетсе, өткен жылдың желтоқсанында Ян қарымта қайтарып, чемпиондық белбеуді иеленген еді.