Асу Алмабаев жекпе-жекке дайындалу үшін Қатарға аттанды

Ол 21 қарашада өтетін UFC турнирінде жапониялық Кёдзи Хоригучимен кездеседі

Видеодан кадр
Видеодан кадр

Қазақстандық UFC жауынгері Асу Алмабаев кезекті жекпе-жегіне дайындықтың соңғы кезеңін өткізу үшін Қатарға барды.

Командасының мәліметінше, файтер бұл елде үшінші оқу-жаттығу жиынын жалғастырады. Ол 21 қарашада өтетін UFC турнирінде жапониялық Кёдзи Хоригучимен кездеседі.

Айта кетейік, Асу Алмабаев UFC-дің аса жеңіл салмақтағы рейтингінде алтыншы орында тұр.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам