![Еркебұлан Тоқтар өзбек файтерін мазақ етті (ВИДЕО)](https://1bol.kz/cache/imagine/1200/uploads/news/2024/04/16/661e46f8ea17e076063355.jpg)
Ол қарсыласын «есекке отырғызып», видеоны әлеуметтік желіде таратты
Актер әрі аралас жекпе-жек шебері Еркебұлан Тоқтар өзбекстандық спортшы Одилхон Камоловпен үшінші жекпе-жегін өткізуі мүмкін. Бұл туралы қазақ файтерінің өзі Instagram-парақшасында жазды.
«Одильхон үшінші жекпе-жек сұрап жатыр екен, реванш беремін уайымдама. Бірақ видео түсіргенше, дайындал, әйтпесе, осылай отырғызып жіберемін», – деп жазды Еркебұлан Тоқтар Instagram желісіндегі парақшасында.
Еркебұлан мен Одилхон бұған дейін екі рет октагонда кездескен. 2022 жылғы алғашқы жекпе-жекте өзбек файтері жеңіп кетсе, биыл 10 наурызда Еркебұлан басым болды.
Еркебұлан Тоқтар 10 жекпе-жек өткізіп, оның жетеуінде жеңіске жеткен, үшеуінде жеңілген.