Ислам Махачев чемпиондық титулын қорғау үшін әйгілі файтермен төбелеседі

Ресейлік файтер чемпиондық титулын үшінші рет қорғамақ

Getty Images
Getty Images

UFC жеңіл салмақтағы әлем чемпионы ресейлік Ислам Махачевтің жаңа қарсыласын хабарлады. Жекпе-жек 2 маусымда АҚШ-тың Ньюарк қаласында өтеді.

«Ислам Махачев Ньюарктегі UFC 302 турнирінде Дастин Порьемен октагонға шығады», - делінген UFC-дің баспасөз қызметі таратқан хабарламада. 

Махачев соңғы рет 2023 жылдың қазанында Абу-Даби қаласында жекпе-жек өткізген болатын. Ол кезде ресейлік чемпион аустралиялық Александр Волкановскийді бірінші раундта жеңіп, титулын қорғап қалды.

Ал, Порье болса соңғы рет биыл наурызда француз Бенуа Сент-Дениді екінші раундта мерзімінен бұрын жеңді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам