Жаңа подкаст! "Спарта" КВН командасының мүшесі Бауыржан Омаров қонаққа келді

Шавкат Рахмоновтың әлемдік рейтингтегі орны белгілі болды

17.04.2024, 16:33

Жеңіл салмақтың ренйтингінде өзгеріс көп

Шавкат Рахмоновтың әлемдік рейтингтегі орны белгілі болды
Getty Images

UFC барлық салмақ дәрежесі бойынша рейтингті жаңартып, бұл тізімде қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов өз орнын сақтап қалды.

Ultimate Fighting Championship-тің кезеңді рейтингінде айтарлықтай өзгеріс жоқ. 

Әзірге орта салмақ дәрежесінде бұрынғыша әлем чемпионы Леон Эдвардс көш басында тұр. Ал бірінші орында Камару Усман тұрса, одан кейін Белал Мухаммед орналасқан. Ал, отандасымыз Шавкат Рахмонов үшінші орынға жайғасқан. 

Сонымен қатар, жеңіл салмақта өзгеріс көп. Ресейлік жекпе-жек шебері Арман Царукян Бразилия спортшысынан басым түскеннен кейін бірден төртінші сатыдан бірінші орынға көтерілді. Сондай-ақ, Дағыстан өкілі Ислам Махачев та өз салмағының үздігі болып отыр.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам