Жаңа подкаст! "Спарта" КВН командасының мүшесі Бауыржан Омаров қонаққа келді

Шавкат Рахмонов тасқыннан зардап шеккендерге қандай көмек көрсетіліп жатқанын айтты

20.04.2024, 16:07

Қазақстанның батыс өңірлері тасқын су астында қалды

Шавкат Рахмонов тасқыннан зардап шеккендерге қандай көмек көрсетіліп жатқанын айтты
Архив. Almaty.tv

UFC лигасында өнер көрсететін даңқты файтер Шавкат Рахмонов Қазақстанның бірнеше өңірінде тасқын судан зардап шеккен тұрғындарға көрсетілетін көмек туралы айтты.

Оның айтуынша, өзі өнер көрсететін DAR Pro Team командасы үйі суға кеткендерге қаржылай көмек береді.

«Өздеріңіз көріп отырғандай, жағдай өте ауыр, көп жерді су басты. Бүкіл халық болып, спортшылары бар, бәрі жабылып көмек көрсетіп жатыр. Біз де тырысып жатырмыз. Біздің командадан қаржылай көмек болады, жуырда бұл туралы ресми айтамыз», - деді Шавкат Рахмонов Қазақстан бапкерлерінің съезінде.

Еске салайық, бұған дейін мексикалық даңқты боксшы Сауль «Канело» Альварес тасқыннан зардап шеккендерге қолдау білдірген болатын.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам