Ол балаларын жекпе-жекке алып келмейді
UFC лигасында Қазақстан жанкүйерлері ерекше үміт артып отырған файтер Шавкат Рахмоновтың төртінші баласы дүниеге келді. Бұл туралы Sport_Kor парақшасында хабарланды.
Бұған дейін спортшының екі қыз, бір ұлы бары екені айтылатын. Тұңғыш қызы алты жаста, ал екінші қызының жасы төртте болса, Керей есімді ұлы екіде.
Шавкат осының алдындағы сұхбатында отбасы туралы сауалға жауап берген.
«Отбасылы адаммын. Балаларыма дұрыс тәрбие беріп, олар өз елінің лайықты азаматы болып өссе екен деп армандаймын.
Қызыммен бейнебайланыс арқылы сөйлесіп тұрамыз, ол менің қай салада жұмыс істейтінімді біледі. Теледидардан көріп қалса, «бұл менің әкем» деп мақтанады екен.
Әзірге олардың болашағы туралы айтуға ерте, тым кішкентай. Сондықтан спортқа бет бұра ма, бұрмай ма, ол жағын уақыт көрсетеді.
Елге келгенде уақытымды отбасыммен өткізуге тырысамын, бірақ оларды турнирлерге ертіп жүрмеймін, себебі алаңдаумен боласың», - деген болатын спортшы.