Ол өзге облыстағы халыққа да дәл осылай көмек қолын созатынын айтты
Аралас жекпе-жек шебері Қуат «Найман» Хамитов Атырау облысында тасқын судан зардап шеккен халыққа гуманитарлық көмек жіберді. Бұл туралы ол өзінің Instagram-парақшасында мәлімдеді.
Қуаттың өзі қазіргі таңда Тайландта кезекті жекпе-жегіне дайындалып жатыр. 11 мамырда ол ресейлік файтер Александр Шлеменкомен октагонға шығады.
«Елде болсам Құлсарыға барып қызмет етуге болатын еді. Өкінішке қарай, қазір шетелде дайындықта жүрмін. Сондықтан, аз болса да халқыма, еліме пайдам тисін деп өз атымнан гуманитарлық көмек жіберіп жатырмын», - деді Қ.Хамитов.
Сөз соңында ол тасқыннан зардап шеккен басқа да облыстарға көмек жіберетінін айтты.
Хамитов – Шлеменко арасындағы жекпе Екатеринбург қаласында өтеді.