Жаңа конкурс! Видеоны көріп, конкурстың шартымен танысып 5000 теңге ұтып ал!

«Қонақтан ұят болды»: қазақ файтері Қырғызстаннан келген спортшыны соққыға жықты (ВИДЕО)

25.04.2024, 00:39

Желі қолданушылары мұны «арзан» қойылым деп бағалады

«Қонақтан ұят болды»: қазақ файтері Қырғызстаннан келген спортшыны соққыға жықты (ВИДЕО)
screen

Алматыда 26 сәуірде өтетін NAIZA 99 турнирі алдында Қырғызстаннан келген Марсель Нұрланбек (12-0) пен қазақ Әнуарбек Бекембетов (1-1) төбелесіп қалды. Оқиға қаладағы қонақ үйлердің бірінде болған. Бөлмесінде демалып жатқан қырғыз файтеріне Бекембетов келіп, ерегіс ұйымдастырған. Мұның соңы екі спортшының соққы алмасуымен аяқталды.

Қос спортшының төбелесуін желі қолданушылары «арзан» қойылым деп бағалап жатыр. Яғни, турнир алдындағы «қыздыру» анонсы секілді. Өйткені, Нұрланбек пен Бекембетов бірнеше күннен бері әлеуметтік желі арқылы қырқысуда. Тіпті, бір-біріне видеобайланыс арқылы балағат сөздер де айтқан.

Ал, NAIZA промоушенінің басшысы Нұрбек Қарабала болса файтерлердің мұндай әрекетін қолдамады. Тіпті, соңғы рет ескерту жасады. Егер екеуі тағы шектен шықса турнирден қуылуы мүмкін.

Әлеуметтік желі қолданушылары қазақстандық Әнуарбек Бекембетовтің әрекетін де сынға алды. «Кешегі тасқын кезінде алғашқылардың бірі болып көмекке келген қырғыз халқының өкіліне құрмет көрсетудің орнына қол көтергені ұят болды» деп жазуда.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам