Курбан Бердыев Ермұхамед Мәуленді не үшін кешірді? ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым

Қонақүйде төбелескен қырғыз бен қазақ спортшысы жарыстан шеттетілді

Автор
25.04.2024, 14:57

Бұл басқаларға сабақ болуы керек

Қонақүйде төбелескен қырғыз бен қазақ спортшысы жарыстан шеттетілді
scr

Әнуарбек «Мотиватор» Бекембетов (1-1) пен қырғызстандық Марсель Нурланбектің (12-0) 26 сәуірдегі кездесуі өтпейтін болды.

Екі спортшының қонақүйде төбелесіп қалуына байланысты NAIZA лигасы осындай шешім қабылдаған. Лига әлеуметтік желіде ресми мәлімдеме жасап, бұл барлық спортшыға сабақ болады деп мәлімдеді.

«Лигамыздың ұраны: «Шайқасқың келсе, рингте шайқас!». Біз спортшыларды өздерінің жауынгерлік қасиеттерін тек шаршы алаңда көрсетуге шақырамыз. Біз мұндай спортқа жат мінез-құлықтың көрінісін айыптаймыз және оны спортшының этикасын бұзу деп санаймыз.

NAIZA лигасы төбелеске қатысқандарды дисквалификациялау туралы шешім қабылдады. Бұл жауынгерлер лигамыздың іс-шараларына қатысудан шеттетілді.

Спортшыларды өздерінің жауынгерлік қасиеттерін тек ринг ішінде көрсетуге шақырамыз», - делінген аталған жазбада.

Айта кетейік, Алматыдағы турнирге қатысуға келген қырғызстандық Марсель Нурланбек қарсыласына тіл тигізіп, қонақүйде-ақ бар мәселені шешуге дайын екенін айтқан. Осыдан соң «Мотиватор» Нурланбекті арнайы іздеп барып, екеуі төбелесіп қалды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам