Курбан Бердыев Ермұхамед Мәуленді не үшін кешірді? ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым

«Маған бәрібір»: Шавкат Рахмонов келесі қарсыласы мен жекпе-жек уақытын атады

26.04.2024, 00:39

Оның басты мақсаты – чемпиондық титул үшін жекпе-жек алу

«Маған бәрібір»: Шавкат Рахмонов келесі қарсыласы мен жекпе-жек уақытын атады
Vesti.kz

Орта салмақта UFC лигасы рейтингінде үшінші тұрған қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (18-0) өзінің октагонға қашан оралатыны туралы айтты. Жуырда ғана қызды болған спортшы әліге дейін емделіп жүр.

«Номад» келесі жекпе-жегін күзде өткізетінін мәлімдеді. Бұған дейін DAR Team командасы Шавкаттың жазда төбелесуі мүмкін екенін хабарлаған болатын. Дегенмен, спортшының өзі күзге қарай толықта қатарға қосылатынын айтты.

«Әзірге ешкіммен келісім жүргізіп жатқан жоқпыз. Өйткені, мен күзде ғана дайын боламын. Бәлкім қыркүйек-қазан айларында шығар… Көреміз. Әзірге нақты ақпарат жоқ. Жаттығуды енді бастадық», - деді Рахмонов «Вестник MMA» YouTube-каналына берген сұхбатында.

Ал, оның нақты кіммен октагонға шығатыны да әзірге белгісіз. Бұған дейін қазақ файтерін аустралиялық Джек Делла Маддалена (17-2) жекпе-жекке шақырған болатын.

«Менің болжауымша, келесі қарсыласым Маддалена болады. Жоспарда Майкл Пейдж де бар. Шын айтсам, маған бәрібір кіммен төбелесетінім. Бастысы – тезірек титулдық жекпе-жек алуым. Күтуім керек. Нақты ешнәрсе айта талмайсың, біреу жарақат алып қалады, тағы басқа жағдайлар болуы мүмкін», - деді Шавкат Рахмонов.

Еске салайық, қазақстандық файтер өзінің соңғы жекпе-жегін былтыр желтоқсанда Лас-Вегас (АҚШ) қаласында өткізіп, америкалық Стивен Томпсонды уақытынан бұрын жеңді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам