Жаңа конкурс! Видеоны көріп, конкурстың шартымен танысып 5000 теңге ұтып ал!

Қазақ ақыны Хабиб Нурмагамедовті жекпе-жекке шақырды (ВИДЕО)

04.05.2024, 17:16

Хабиб 2020 жылы үлкен спорттан кеткенін мәлімдеген

Қазақ ақыны Хабиб Нурмагамедовті жекпе-жекке шақырды (ВИДЕО)
Global Look Press

Оралдық ақын Мұрадым Мирланов жеңіл салмақтағы UFC-дің бұрынғы чемпионы Хабиб Нурмагамедовті жекпе-жекке шақырды.

Мұрадым Мирланов дағыстандық спортшыға ұсынысын өлең жолдары арқылы жеткізген. Ақын өзінің шақыртуын әлеуметтік желіде жариялады.

Оның бұл әрекетін кейбір оқырман әзіл ретінде қараса, кейбірі оны сынның астына алды. 

Мұрадым Мирланов жұртшылық арасында айтыскер ақын ретінде танылған. 

Ал, Хабиб Нурмагомедов кәсіпқой спортшы ретінде 29 жекпе-жек өткізіп, соның барлығында жеңіске жеткен. 2020 жылы аралас жекпе-жек шебері карьерасын аяқтайтынын мәлімдеді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам