Орынбордан келген тағы бір қазақ та жеңісін тойлады
Қытайда тұратын қазақ файтері Аманғали Мыңбайұлы октагонда есте қаларлық жекпе-жек өткізіп, қарсыласын жойқын нокаутпен жеңді.
Alash Pride пен қытайдың JCK лигасының Алматыда ұйымдастырған бірлескен жобасында Аманғали шымкенттік Жомарт Жаңабаймен айқасып, жеңіске жетті. Кездесуден кейін кейін қандас спортшы жанкүйерлеріне қазақ тілінде тілегін жеткізді.
Аманғали Мыңбайұлы аралас жекпе-жекте 5 жекпе-жек өткізіп, оның үшеуінде жеңіскен жеткен. Ал, Жомарт үш кездесу өткізіп, оның екеуінде жеңген және бірінде жеңілген.
Сондай-ақ, бұл сында Орынбордан келген тағы бір қандасымыз Саламат Есболаев бесінші айқасына шығып, рекордын жалғастырды. Ол бұл сында қытайлық Жайдаер Кахадан басым түсті.
Саламат Ресей құрамасының сапында әуесқойлар арасында Еуропа біріншілігінде топ жарған. Сонымен бірге, әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанып үлгерді. Өткен жылдың қазан айында Alash Pride аясында жекпе-жек өткізіп, содан бері Қазақстан туы астында өнер көрсетіп жүр.