Жаңа шығарылым! Англия жеңіледі. Саутгейт ақымақ адам!

Қуат Хамитов футболшымен жекпе-жекке түскісі келетінін айтты

25.05.2024, 22:11

Оның бұл мәлімдемесін әлеуметтік желіде қолдағандардан көрі, сынағандар саны көп

Қуат Хамитов футболшымен жекпе-жекке түскісі келетінін айтты
коллаж: 1bol.kz

Қазақстан футболын жиі сынайтын MMA шебері Қуат Хамит ұлттық құрамадағы футболшылардың бірімен жекпе-жек өткізгісі келетінін мәлімдеді. Бұл туралы Match.kz жазды.

Нақтысын айтқанда, Хамитов жартылай қорғаушы Исламбек Қуатты октагонда ұрғысы келетінін жасырмады.

«Егер менде бір футболшымен жекпе-жекке шығуға мүмкіндік болса, мен Исламбек Қуатты таңдар едім. Оның маған бір рет хабарласып, сөйлескеніміз бар. Бірақ дәл не туралы сөйлескенімізді ашып айтқым келмейді. Одан да оның өзінен сұрағандарыңыз жөн болар», - деді ол.

Алайда, оның бұл мәлімдемесін әлеуметтік желіде қолдағандардан көрі, сынағандар саны көп.

Еске салайық, осыдан екі аптадай уақыт бұрын Қуат Хамитов Ресейде жергілікті ардагер-файтер Александр Шлеменкомен жекпе-жек өткізіп, жеңіліп қалған болатын.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам