Ол бірде аяқпен, бірде баспен гол соғып, командасына жеңіс алып келген
UFC лигасында өнер көрсететін қазақстандық әйгілі файтер Шавкат Рахмонов футболды да тәп-тәуір ойнайтынын байқатты.
Ол Қазақстан Армениядан ұтылған күні достарымен бірге шағын футбол ойнаған. Араларында Қазақстан бокс федерациясында қызмет атқарған, бұрынғы боксшы Бағлан Шалаевты да байқауға болады.
Бағланның шығарған пастарын бірде аяқпен, бірде баспен қақпаға дәл соққан Шавкат жанкүйерлерін таң қалдырды. Олар әлеуметтік желіде түрлі пікір жазып жатыр. Бірі Рахмоновты футболдан Қазақстан құрамасына алу керек десе, өзгелері Мбаппеден кем емес деп әзілдеді.
Еске салайық, қазақстандық файтер өзінің соңғы жекпе-жегін 2023 жылы желтоқсанда Лас-Вегас (АҚШ) қаласында өткізіп, америкалық файтер Стивен Томпсонды мерзімінен бұрын жеңді. Ал, келесі кездесуі биыл қазан-қараша айларында өтеді деп жоспарлануда.