Жаңа шығарылым! Өз қақпасына гол соғып, оңбай қателескен футболшылар

Қазақстанда аралас жекпе-жекте 2-3 жыл сайын бір бала көз жұмады – Исатай Мәдиев

09.06.2024, 11:53

Алайда, мұндай ақпараттарды ұйымдастырушылар жасырып қалуға тырысатын көрінеді

Қазақстанда аралас жекпе-жекте 2-3 жыл сайын бір бала көз жұмады – Исатай Мәдиев
Фото ашық дереккөзден

Биыл 31 наурызда Ақтауда өткен Nomad MMA турнирінде 17 жастағы спортшы қайтыс болғаны отандық БАҚ беттерінде хабарланған болатын. Белгілі спорт журналисі Исатай Мәдиевтің айтуынша, мұндайм қайғылы оқиғалар аралас жекпе-жекте 2-3 жыл сайын болып тұрады екен. Бұл туралы ол «Бірінші бол» YouTube-каналындағы подкастта айтты.

Оның сөзінше, адам өлімімен аяқталған жайттарды көп жағдайда БАҚ арқылы хабарламай, жылы жабуға тырысады екен. Алайда, соңғы уақытта әлеуметтік желі қолданушыларының саны күрт артып, ақпарат жасыру мүмкін болмай қалған.

«Бұл жерде бәрі медицинаға келіп тіреледі. Балалар жарысқа қатысатын кезде олардан «справка» сұрайды. Денсаулығының сау екенін көрсет демейді, «справка әкел» дейді. Бала барады да ол бір жапырақ қағазды сатып әкеле салады», - дейді Исатай Мәдиев.

Ол сондай-ақ, жекпе-жек спорт түрлеріне баланы қазіргідей 7-8 жастан емес, 12 жастан беру керектігін айтып отыр. Өйткені, әлі мүшелге жетпеген баланың сүйектері де, миы да тез зақымдалады дейді ол.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам