Жалғас Жұмағұлов үлкен нәтиежерге қол жеткізе алмады
Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов жақын уақытта спорттық мансабын аяқтауы мүмкін. Бұл туралы спортшының өзі Naiza TV-ға берген сұхбатында айтты.
«Қазір мен мансабымды аяқтау сатысында жүрмін. Шамасы бәріне тойған секілдімін. Қалаймын ба, жоқ әлде қаламаймын ба ол жағын өзім де білмеймін. Денсаулығыма қатысты ешқандай мәселе жоқ», - деді ол жауабында.
Спортшының айтуынша, қазір ол жаттығу залдарында жастарды баптап жүр. Ол сондай-ақ, UFC-дегі аяқалысы туралы сауалға жауап берді.
«Бастапқыда тактика басқаша еді. Салмақ қууда да көптеген мәселе туындады. Мен UFC-ге дейін бес раундтық төбелеске дағдыландым. Кейін UFC-ге ауысқан соң 3 раундықтық айқастар басталды. Алайда, бұл лигада ашыла алмадым. Өте ауыр болды. Өйткені, бесеуден кейін 3 раунда ауысу оңай емес», - деді Жалғас Жұмағұлов.
Спортшының екі әйелі бар. Қазір екеуімен де тату-тәтті тұрып жатыр.
«Менің екі әйелім бар. Жеті бала тәрбиелеп отырмын. Екі үлкен ұлым мен 5 қызым бар. Әйелдерім бір-бірін таниды. Қандай жағдай болмасын олар бір-бірімен араласпайды, түптеп келгенде қарсылас секілді. Бұл солай болуы керек дүние. Қызғаныш болуы керек қой. Егер ол болмаса, жақсы нәрсе емес. Демек, әйелеріңнің бірі сені сүймейді деген сөз», - деді ол.
Таяуда Naiza лигасымен келісім-шартқа отырған ол 6 желтоқсанда айқасқа шығады. Жалғас Жұмағұлов бразилиялық Яго Рибейромен күш сынаспақ.