Жаңа шығарылым! Англия жеңіледі. Саутгейт ақымақ адам!

UFC чемпионы Генри Сехудо қазақ балуаны Ризабек Айтмұқанның әдісіне жоғары баға берді

16.11.2023, 14:35

Ризабек қазақ тарихында алғаш рет еркін күрестен әлем чемпионы атанған

UFC чемпионы Генри Сехудо қазақ балуаны Ризабек Айтмұқанның әдісіне жоғары баға берді
olympic.kz

UFC-де жеңіл салмақта әлемнің экс-чемпионы Генри Сехудо еркін күрестен таяуда дүниежүзілік біріншілікте жеңімпаз атанған Ризабек Айтмұқанның әдісіне талдау жасады.

АҚШ спортшысы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Сербияда өткен әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Мажарстан балуанын ұтқан отандасымыздың ерекше әдісіне шолу жасаған. Бұл тәсілдің асқан шеберлікпен жасағанын айтқан Генри Сехудо Ризабектің әдісінің қалай жасалатынын қайталап көрсетті.

«2023 жылы 19 жастағы Ризабек Айтмұқан әлем чемпионы атанып, қарсыласының режимін бұзатын әдісті жасады», - деп жазды Генри Сехудо.

АҚШ спортшысы еркін күрестен Бейжің Олимпиадасында чемпион атанған. Сондай-ақ, ол Панамерика чемпионатының үш дүркін жеңімпазы. Кейін UFC-ге ауысып, әлем чемпион атанған спортшы үлкен спорттан жеңіспен кеткен еді. Қазіргі уақытта ол желіде еркін күрестегі белгілі спортшылар жасаған әдістер туралы тұрақты түрде бейне жазбалар жариялап жүр.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам