Спорттағы "сақалбайлар" өте қауіпті! Жаңа шығарылым!

Рахмонов чемпиондар кешіне көрермен ретінде қатысуы мүмкін

17.06.2024, 09:04

Аралас жекпе-жек шебері Лондонда түскен суретін Х әлеуметтік желісінде жария етті

Рахмонов чемпиондар кешіне көрермен ретінде қатысуы мүмкін
@Rakhmonov1994

Шафкат Рахмонов UFC 304 аясында шілде айында тұманды Альбионда басты жекпе-жекке баратыны белгілі болды.

Маңызды жекпе-жек қарсаңында отандық аралас жекпе-жек шебері Лондонда түскен суретін Х әлеуметтік желісінде жария етті.

«Лондондамын. Шілдеде Манчестерге барғаным дұрыс па?», - деп жазды Рахмонов.


Осы орайда оның оқырмандары аясында алдағы айда «Рахмоновқа Англияға бару қажет пе?» деген талқы басталып кетті.

Оқырмандардың бұлай жазуының өзіндік себебі бар. 27 шілде күні Манчестер Ситиде UFC 304 октагонында орта салмақта әлем чемпионы Леон Эдвардс пен рейтингте екінші орында тұрған Белал Мухаммад айқасады. Ал Шавкат бұл тізімде үшінші сатыға жайғасқан жауынгер.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам