Бразилиядағы оқиғалар-2: фэйк Рональдиньо, қарапайым Клозе, жұрт ұмытқан МакМанаман

АҚШ азаматтығынан бас тартқан MMA файтері ислам дінін қабылдады

20.06.2024, 09:23

Ол исламды бауырмал болуға үгіттейтін дін екенін айтып отыр

АҚШ азаматтығынан бас тартқан MMA файтері ислам дінін қабылдады
Sport24.ru

Аралас жекпе-жек шебері Джефф Монсон ислам дініне бет бұрды. Бұған дейін ол Ресейге көшіп кетіп, АҚШ азаматтығынан бас тартқан болатын деп жазады «Матч ТВ».

53 жастағы спорт ардагері Палестина халқына қолдау білдіру үшін исламды қабылдағанын айтып отыр. Мұсылман болуға ол соңғы бірнеше жылдан бері дайындалыпты.

«Мен бұл дін туралы көп білем. Исламды ұстанатын достарым да көп. Бұл – адамдар арасындағы бауырмалдық пен достыққа үгіттейтін, жақындарымызға махаббат сыйлауға шақыратын дін. Мен үшін бұл қасиеттердің маңызы зор. Сондықтан, мұсылман боламын деп шештім. Бұл туралы соңғы 4-5 жыл бойы ойланған едім, енді нақты шешім қабылдадым», - деді Монсон.

Ол 2013 жылы Ресейге көшіп келіп, 2018 жылы осы елдің азаматтығын алған. Ал, 2023 жылы АҚШ азаматтығынан бас тартты. 

Монсон MMA-да барлығы 87 жекпе-жек өткізіп, оның 60-да жеңіске жеткен, 26 рет жеңіліп, бір рет тең ойнаған.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам