Жаңа Подкаст! Қонақта Марат Достаев пен Алдияр Жапарханов

Жалғас Жұмағұлов Naiza 55 турнирінде жапон файтерімен төбелесетін болды

21.11.2023, 15:41

Бразилия файтері көзінен алған жарақатына байланысты жекпе-жектен бас тартты

Жалғас Жұмағұлов Naiza 55 турнирінде жапон файтерімен төбелесетін болды
Orda.kz

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұловтың Naiza 55 турниріндегі қарсыласы ауысты. Бұл туралы лиганың баспасөз қызметіне мәлімдеді.

UFC лигасының бұрынғы қатысушысы отандық шоу аясында бразилиялық Яго Рибейромен сегіз бұрышты алаңда төбелесуі керек болған. Бірақ оның қарсыласы көзіне жаслаған отадан соң айқастан бас тартып отыр. Жұмағұловтың ендігі қарсыласы жапон жігіті Масато Накамура болғалы отыр. 

Накамура өзінің айқастарының басым бөлігін Жапониядағы DEEP лигасында өткізген. Ол биыл үш кездесу өткізіп, соның барлығында жеңіске жеткен. Сондай-ақ, екі рет қарсыласын мерзімінен бұрын ұтты.

Жалғас Жұмағұлов UFC-де жеті жекпе-жек өткізіп, соның біреуінде ғана жеңіске жетуімен есте қалды. Ал қалған алты айқастың барлығында жеңіліп қалғандықтан UFC ұйымы онымен келісімшартты ұзартпады.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт