Той желтоқсан айында Алматыда өтуі мүмкін
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Сора Рахмонова жігітінің өзіне ұсыныс жасағанын айтып, тұрмысқа шығуға келісім бергенін мәлімдеді. Ол – UFC-дің орта салмақ дәрежесінде 5-ші орында тұрған отандасымыз Шавкат Рахмоновтың туған қарындасы.
Әлеуметтік желіде жазба жариялаған спортшы қарашаның кештерінің бірінде көңілі қалаған жігіттің романтикаға толы көрініспен ұсыныс жасағаны белгілі болды. Ол – бразилиялық джиу-джитсудан бірнеше дүркін әлем чемпионы, қара белбеу иесі, Алматы облыстық мәслихат депутаты Нұрсұлтан Орынбасаров.
Спортшының өзі тойдың нақты қай күнін өтетінін жазбаған. Бірақ желіде жарасымды жұптың бірнеше суретін жарияланып отыр. Ал, желі қолданушылары спортшылар жұбының тойы 10-ші желтоқсанда Алматыда өтуі мүмкін екенін жазған.